«Мен қазақпын!» бағдарламасына – 10 жыл

bw_ddmgpkt4

2016 жылдың 28 қарашасында «Тілеп қобыз сарайында» «Астана» радиосы Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған «Мен қазақпын!» ақпараттық-танымдық бағдарламасының 10 жылдығы аясында «Мәңгілік ел – ұлт мұраты» атты мерекелік шара өткізді. Шара аясында тәуелсіздік шежіресін дәріптейтін үздік хабарлар топтамасы ұсынылған «Мәңгілік ел – ұлт мұраты» атты дискінің таныстырылымы өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, депутаттар, зиялы қауым өкілдері мен журналистер, ал институтымыздың атынан «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері қатысып, өз ойларымен бөлісті.