«Мен көшбасшымын» зияткерлік ойыны

2021 жылдың 8 желтоқсанында «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс студенттері Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ұйымдастырылған ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен – көшбасшымын» зияткерлік ойынына қатысты. Ойынға 6 команда қатысты. ЕАГИ «NEXT» командасы 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Топ жетекшілері: доцент Б.Б. Мажитова және аға оқытушы Ж.Д. Даулетханова.