«Мен не сеземін?» тақырыбы бойынша арт-терапия
2022 жылғы 5 желтоқсанда ЕАГИ психологиялық қызметінің басшысы А.Н. Қабыл НО-19-01 (4-курс, «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы) академиялық тобының студенттері үшін арт-терапия әдістерін қолдана отырып «Мен не сеземін?» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: өз сезімдерімен және эмоцияларымен танысу, ішкі әлем мен сыртқы жағдайлар арасындағы үйлесімділікті табу және орнату болып табылды. Студенттер тренингке белсенді қатысып, оң пікірлер білдірді.