«Менің бауырым» жобасын іске асыру шеңберіндегі оқушылармен «Жалғыздың үні шықпас» тренингі
2024 жылдың 19 сәуірінде педагогика кафедрасының ерікті студенттері К.Домина, А.Базар, Ж. Ерболатова «Менің бауырым» жобасын іске асыру аясында Астана қаласындағы №5 мектеп-гимназиясының 6 «В» және 6 «Г» сынып оқушыларымен «Жалғыздың үні шықпас» тақырыбында тренинг өткізді. Өткізілген тренингтің мақсаты – оқушыларды біріктіру болды.