«Менің мамандығым – менің саналы таңдауым!» эссе байқауының қорытындысы

2023 жылғы 4-7 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында өткен «Менің мамандығым – менің саналы таңдауым!» атты эссе байқауының қорытындысын шығару рәсімі 11 сәуірде өтті.

Байқау жеңімпаздары: Тельхазиева Маржан (ШТ-22-01 академиялық тобы), Карсыбек Сайора (ҚТ-20-01 академиялық тобы), Искендіров Ильяс (ЮР-21-01 академиялық тобы), Тілекқабылқызы Нұрай (Т-22-01 академиялық тобы), Пудвель Елизавета (ПП-22-01 академиялық тобы).

Жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.