«Мета-ғалам» көрмесінде отандық суретшілердің өнер туындылары

2022 жылдың 2 наурызында «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттері (ШТ-19-01 академиялық тобы) және шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары А.Б. Жеңісова және Ф. Хасилан «Мета-ғалам» көрмесіне қатысты. Көрмеде отандық суретшілердің өнер туындылары ұсынылды. Студенттер оқытушылармен бірге экскурсия жетекшісінің презентациясын ағылшын тілінде тыңдады.