«Микроэкономика» пәні бойынша ашық онлайн-сабақ

2021 жылдың 31 наурызында э.ғ.к., экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының доценті А.А. Қарыбаев «Қаржы» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттерімен ZOOM платформасында «Микроэкономика» пәні бойынша ашық дәріс сабағын өткізді. Онлайн-дәріс барысында қазіргі нарық жағдайындағы бәсекелестік қатынастардың әртүрлі түрлері қарастырылды: Мінсіз бәсекелестік, монополистік бәсекелестік. Бәсекелестік түрлерінің ерекшеліктері, нарықтық жағдайда жүргізу стратегиясы презентация түрінде ұсынылды. Қолданбалы, ғылыми зерттеулер бөлімінің сырттай меңгерушісі бола отырып доцент А.А. Қарыбаев практикалық қызметтен бәсекелестікті бизнеске қалай пайдалану туралы, монополиялық нарық жағдайында компанияның өз өнімінің баға белгілеуге әсері туралы және т. б. қызықты мысалдар келтірді.