«МИНХВА» Корей Халық кескіндемесінің көрмесі

2021 жылдың 24 қарашасында Еуразия гуманитарлық институтының шет тілдер кафедрасының «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері (ПДТ-19-01 академиялық тобы) кафедра доценті Г.У. Аренованың жетекшілігімен Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығында «Минхва» Корей Халық кескіндемесінің көрмесін тамашалады.

Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды. Оның мақсаты – еліміздің тұрғындарына Кореяның мәдени құндылықтарын көрсету. Студенттер Бэ Хянсук, Ким Мирён және басқа да заманауи корей суретшілерінің жұмыстары арқылы осы шығыс Азия елінің салт-дәстүрлерімен танысты.