«Әміре Парижде»

(Кітаптың тұсаукесер кеші)

Ақпанның 1-ші жұлдызы күні Ұлттық академиялық кітапхана төрінде Еуропа шахарында тамылжыта ән салған Әміре Қашаубаев Қашаубайұлына арналған «Әміре Парижде» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл кешке институтымыздан «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-ші курс студенттері арнайы қатысты. Еліміздің 25 жылдық мерейтойы және ЭКСПО-2017  көрмесі, сонымен қатар әншінің 130 жылдығы  аясында жарық көрген керемет туындының авторы ҚР-дың еңбек сіңірген қайраткері, музыка танушы, күйші, өнер зерттеуші Жарқын Шәкәрімұлы. Кітапқа дәстүрлі ән майталманының өмірбаяны, шығармашылығы, жетістіктері енгізілген.