«Moodle платформасындағы жұмыс» семинар-тренингі

2022 жылдың 7 қыркүйегінде институт оқытушыларына арналған «Moodle платформасындағы жұмыс» семинар-тренингін қашықтықтан білім беру технологиялары орталығы басшысының орынбасары Б.А. Баймамыров ұйымдастырды. Семинар-тренинг институт кітапханасының залында өткізілді.

Семинарға барлық білім беру бағдарламаларының оқытушылары қатысты. Семинар барысында Б.А. Баймамыров Moodle платформасының мүмкіндіктері мен оның параметрлерін егжей-тегжейлі көрсетті. Оқу материалдарын жүктеу процесі, сондай-ақ платформаның мүмкіндіктері көрсетілді. Семинар соңында оқытушылар Moodle платформасын игеруге арналған семинардың осы түрінің тиімділігін атап өтті.