«My favourite movie»

2023 жылғы 26 қыркүйекте шетел тілдері кафедрасында аға оқытушы, п.ғ.м. А.М. Сарсенова және оқытушы, п.ғ.м. А.Е. Толкимбекова ШТ-22-02 академиялық тобында ағылшын тілі пәнінен «My favourite movie» тақырыбында тақырыптық сабақ өткізді (2 курс, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы).

Сабақтың мақсаты: білім алушылардың сөздік қорын кеңейту, олардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту, өз ойларын ағылшын тілінде еркін білдіру қабілетін жетілдіру болды.

Студенттер зерттелетін тақырыпқа қызығушылық танытып, сабақ барысында белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті.