Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлының дәріс концертінде

Еуразия гуманитарлық институтының «Қазақ тлі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенттері өнертанушы, қоғам қайраткері, профессор Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлының дәріс концертіне қатысып келді.

Операның тарихы, әлемдік және отандық  опера театрлары туралы, қазақтың белгілі опера орындаушылары және т.б. тақырыптарда студенттермен әңгімелесе отырып, қызықты етіп жеткізе білген Кенжеғали Мыржықбайдың дәріс концерті рухани баю бағытындағы іс-шара болды. Кенжеғали ағамыздың концерті студенттердің шабытын оятып, түрлі сұрақтармен өрбіп, ақын жанды шәкірттердің жаңа өлең жолдарымен ұласты.