Нұр-Сұлтан қаласының барлық ЖОО-лары арасындағы шахматтан Универсиада

2020 жылдың 13 ақпанында Астана медицина университеті, Спорттық медицина орталығы мен Спорт клубы, Жастармен жұмыс жөніндегі орталық, Мәдениет және спорт басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы департаменті қолдауымен екінші Универсиада ойындарын өткізілді.

Еуразия гуманитарлық институтының командасы құрметті үшінші орынды иеленді. 5 сағат ішінде біздің студенттеріміз интеллектуалды күресте елорданың жетекші жоғары оқу орындарының тоғыз командасымен күш сынасты және үшінші жетекші команда болды. Жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Үшінші орынды иеленген біздің институттың құрама командасы: Мерген Әділхан (ИК-18-01 тобы), Арманұлы Ескендір (ПМНО-18-01 тобы) және Тойшыбай Лазима (ДОВК-18-01 тобы) )

Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Сіздерге оқуда зор табыс пен жеңістер тілейміз!