Н.Ж. Болатбекова шеберлік сыныптарын өткізді

2020 жылдың 16 қараша – 12 желтоқсан аралығында педагогика кафедрасының аға оқытушысы Н.Ж. Болатбекова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Эстрадалық вокалды оқыту өнері. Әдістеме және практика», атты біліктілікті арттыру курсында  педагогикалық-психологиялық  тақырыптар бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. Курс барысы онлайн негізде zoom платформасы арқылы өткенімен, тыңдаушылар кері рефлексиялық байланыс орната отырып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты.