«Намыс пен Рух» рухани-патриоттық кеші

Қараша айының 7 жұлдызында ЮҚ -19-01 тобы кураторы Ибраева А.О. бірге Рақымжан Қошқарбаев атамыздың 95 жылдығына орай ұйымдастырылған «Намыс пен Рух» рухани-патриоттық кешіне қатысты.

Еске алу кеші Рейхстагта Жеңіс туын желбіреткен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.

Кеш оқушылар сарайының қабырғасында жалғасты. Елордалық театр әртістері соғыс жылдарында ерлік пен қаһармандық көрсеткен батырлар туралы қойылым көрсетті. Қазақ эстрадасының көрнекті өкілдерінің орындауында патриоттық әндер шырқалды.