«Нашақорлықты алдын алу» тақырыбына дөңгелек үстел

2022 жылдың 14 ақпан күні шетел тілдері кафедрасының кураторы Б.Ш. Кадрина «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне (АІ-19-01 академиялық тобы) «Нашақорлықты алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Студенттер «Нашақорлыққа салынған жасөспірімдер» бейнеролигін көріп, есірткі заттарын қолданудың денсаулыққа зиянды әсері мәселелерін талқылауға белсенді қатысты.