«Нашақорлықтың зияны және есірткі заттардың таралуының құқықтық салдары туралы» тақырыбында қонақ дәрісі

2023 жылғы 21 қыркүйекте заң пәндері кафедрасының бастамасымен А Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Әлем және жастар» дәрісінің кезекті отырысы өтті. Онда Астана қаласы прокуратура басқармасының прокуроры Д. Қалқаманов «Нашақорлықтың зияны және есірткі заттардың таралуының құқықтық салдары туралы» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәрістің мақсаты: студенттердің жаман әдеттерінің алдын алу, сондай-ақ сыни ойлауды дамыту және белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеу болды.