Наурыз – думан. Ұлыстың ұлы мерекесі

2021 жылдың 19 наурызында Асыл қазына ғылыми-әдістемелік үйірмесі ПМНОк-18-01 тобының студенттерімен 22 Наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай «Наурыз – думан» атты мерекелік іс-шарасын жоғары деңгейде ұйымдастырды. Бұл іс-шара студенттерге ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыруды көздеді. Білім алушылар Ұлыстың ұлы мерекесіне қатысты ғұламалардың наурыз туралы жазған өлеңдерін оқып, Қыдыр ата мен Наурыз қыз жайлы көрініс қойды, тәрбиелік мәні бар бейнеролик тамашалап, викториналық сұрақтарға жауап берді. Іс-шара көріністегі Қыдыр ата батасымен қорытындыланды.