Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара

2025 жылдың 2 сәуірінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Наурыз мейрамы өтті.

Мереке ұлттық спорт ойындарын өткізуден және институттың әр кафедрасында қазақ халқының дәстүрлерін көрсете отырып, Наурызды атап өтуден басталды.  Институттың асханасында баршаға наурыз көже, палау және бауырсақтар ұсынылды.

Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар мен қонақтарды мерекелік концерт күтіп тұрды, оның алдында п.ғ.к., профессор Н.Т. Ныгыманова құттықтау сөз сөйлеп, баршаны Наурыз мейрамымен құттықтап, бейбітшілік пен амандық тіледі.

Бұдан кейін Наурыз мерекесіне арналған қабырға газеттері байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Сахнадан музыкалық және би нөмірлері түрінде шығармашылық құттықтаулар айтылды. Әртістердің жарқын нөмірлері барлығына мерекелік көңіл-күй сыйлады!