Наурыз Мейрамына арналған мерекелік іс-шара

2024 жылдың 19 наурызында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Наурыз Мейрамы өтті.

Мереке ұлттық спорт ойындарын өткізуден және институттың әр кафедрасында Наурызды тойлаудан басталды.

Содан кейін іс-шараға қатысушылар мен қонақтарды мерекелік концерт күтіп тұрды.

Институт басшылығының атынан ғылым және оқу жұмысы жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, баршаны Наурыз мейрамымен құттықтап, бейбітшілік пен амандық тіледі. Құттықтаудан кейін ЕАГИ оқытушылары мен қызметкерлеріне Құрмет грамоталары табысталды.

Бұдан кейін Наурыз мерекесіне арналған қабырға газеттері мен бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Институттың кафедраларын Наурыз мейрамын мерекелеуді ұйымдастырғаны, өткізгені және белсенді қатысқаны үшін номинациялар бойынша әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор С.С. Оспановтың марапаттауы да жарқын сәт болды.

Сахнадан музыкалық және би нөмірлері түрінде шығармашылық құттықтаулар айтылды. Әртістердің жарқын нөмірлері барлығына мерекелік көңіл-күй сыйлады!