Наурыз Мейрамына арналған мерекелік концерт

2023 жылдың 16 наурызында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өтті.

Институт басшылығының атынан іс-шараны проректор, профессор С.С. Оспанов баршаны Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтап ашты және бейбітшілік пен амандық тіледі.

Бұдан әрі тәрбие ісі жөніндегі проректор, профессор Я.Н. Оспанова және қазылар алқасының мүшелері көктемгі мерекеге арналған қабырға газеттері байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Сахнадан студенттерге музыкалық және би нөмірлері түрінде шығармашылық құттықтаулар айтылды. Мереке қонақтары «ҚЫЗ ҰЗАТУ», «ҚАЗАҚТЫҢ ҚОНАҚ КҮНІ», «БЕСІККЕ САЛУ», «БАЛАНЫ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ» және «ТҰСАУ КЕСЕР» сияқты қазақтың ұлттық дәстүрлерін көрсетуді қамтитын театрландырылған қойылымды тамашалады.

Әртістердің жарқын нөмірлері барлығына мерекелік көңіл-күй сыйлады!