Наурыз Студенттер үйінде

2023 жылдың 27 наурызында жатақханада тұратын студенттер Наурыз мерекесіне арналған концерт өткізді. Қызметкерлер мен студенттерді институт басшылығының атынан Наурыз мерекесімен тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова құттықтады. Мерекелік іс-шараға студенттер үйінің қызметкерлері: педагог-тәрбиеші Б.Ш. Кадрина, комендант Г.У. Дутпаева, сондай-ақ ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты.

Залда қатысушылар Б. Досекенұлы мен Д. Шакированың домбырада орындаған музыкалық туындыларын қошеметпен қарсы алды, Е. Бекеннің «Вайнахская лезгинка» биі ешкімді бей-жай қалдырмады. Концертке қатысушылар «Қыз ұзату» ұлттық салтын көрсетті. Көрермендерге әртістермен бірге сүйікті халық әндерін айтуды ұсынды.  Сондай-ақ, студенттер «Арқантарту», «Қолкүрес» ұлттық ойындары бойынша жарыстарға қатысты. Іс-шарадан кейін студенттер үйінде мерекелік дастархан жайылды.

Көктемнің оянуы мен жаңа жылдың басталуы мерекесі көңілді және жарқын өтті.