Наурыз және Қазақстан халықтарының ұлттық дәстүрлері

2022 жылдың 15 наурызында экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы студенттермен «Наурыз – Думан» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шараның ерекшелігі – бұл мерекені түрлі елдерде атап өту. Студенттер Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияның салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсетті. Іс-шара барлық халықтардың мәдениеті мен дәстүрін бейнелейтін сахналық қойылымдармен, сондай-ақ халық әндерін орындаумен, домбыра мен сазсырнайды ойнаумен сүйемелденді. «Наурыз – Думан»» мерекесін ұйымдастырудың басты мақсаты – жас ұрпаққа ұмыт болған салт-дәстүрлерді жариялау, ата-бабаларымыздың тұрмысымен танысу, дала көшпенділері – қазақтардың жоғары дамыған мәдениетін ән, би, қозғалыс арқылы көрсету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген патриоттық сезімін және құрмет сезімін жырлап көрсету. Сондай-ақ «Қыз ұзату» және «Аушадияр» салт-дәстүрлерінің барлық элементтері көрсетілді.