Өндірістік педагогикалық практика

Ағымдағы жылдың 30 қаңтары мен 7 сәуірі аралығында «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері (ИЯ-19-01 академиялық тобы) елорданың орта білім беру мекемелерінде өндірістік педагогикалық практикадан өтті. Мектеп мұғалімдері студенттердің жұмысын жақсы бағалады, өйткені олар сабақ жоспарларын, презентацияларды мұқият дайындады, интерактивті оқыту әдістері мен цифрлық технологияларды қолданды.

2023 жылғы 17 сәуірде өндірістік педагогикалық практиканың қорытындыларына арналған онлайн форматтағы қорытынды конференция өтті. Конференцияны п.ғ.к., доцент Л.В. Волкова, п.ғ.м., аға оқытушы А.М. Сарсенова ұйымдастырды.