Өндірістік педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы

2025 жылғы 11 қарашада шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен ШТ-22-01, ШТ-22-02 және ШТТ-23-01 топтары студенттерінің өндірістік педагогикалық практика нәтижесі бойынша қорытынды конференциясы өтті.

Конференцияға Астана қаласы № 37 мектеп-лицейінің жұмыс беруші өкілі А.К. Есимова қатысып, студенттердің практика барысындағы кәсіби жетістіктері мен жауапкершілігін жоғары бағалады.

Студенттер мектеп базасында өткізген сабақтарының мазмұны, қолданған әдіс-тәсілдері, инновациялық элементтер мен заманауи педагогикалық технологиялар туралы баяндап, жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті.

Өндірістік педагогикалық практиканың жетекшілері – п.ғ.м., доцент У.К. Байтурина, п.ғ.м., доцент С.Е. Давлетова, г.ғ.м., аға оқытушы С.М. Султанова – студенттердің кәсіби өсу динамикасын, сабақты жоспарлау, талдау және рефлексия жүргізу дағдыларының қалыптасқанын атап, конференцияны білім беру саласындағы кәсіби жауапкершілікті нығайту бағытындағы ұсыныстармен қорытындылады.