Өндірістік практика
2017 жылдың 9 қаңтарынан бастап «Педагогика және психология» (ППСК-4-3, ППСК-4-4 тобы) мамандығының студенттері әлеуметтік ғылымдар магистрі Аязбаева Әсемгул Темірханқызының жетекшілігімен өндірістік практиканы өтті.
Студенттер практикада өз білімдерін бекітуге, тереңдетуге ғана мүмкіндік алмайды, сонымен бірге сабақ жүргізу мен зерттеу әрекетінің дағдысын алып, психолог-практиктің кәсіби қызметінің барлық аспектілерін біле алады.
25 қаңтарда ППСК-4-3 тобының студенті Базар Айтолқын Еуразия гуманитарлық институты колледжінің студенттеріне тренинг форматында ашық сабақ өткізді. Студенттер практикантқа қызықты да танымды сабақ үшін алғыс білдірді.