Өндірістік (педагогикалық) практика

«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері Астана қаласы Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясында өндірістік (педагогикалық) практикадан өтеді.

П.ғ.к., қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті Н.Х. Шадиева практика жетекшісі болып табылады, практика барысын бақылауды жүзеге асырады, кеңес береді, студенттер өткізетін сабақтарға қатысады және талдайды. А.ж. 3 наурызында 5 «Ж» – сыныбында педагогикалық практикадан өткен студенттер қазақ тілі пәнінен «Игілік бас – ынтымақ» тақырыбында сабақ өткізді.