Өндірістік практика бойынша қорытынды конференция

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерінің өндірістік (педагогикалық) практика бойынша қорытынды конференциясы өтті.

Конференция модераторы п.ғ.к., доцент Н.Х. Шадиева болды.

Студенттер мектеп пен оқушылар туралы, педагогикалық практикадан өту кезінде меңгерген қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың тиімді әдістері туралы өз әсерлерімен бөлісті.