Өндірістік практика бойынша қорытынды конференциясы

19 сәуір күні 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының ІҮ курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибе бойынша қорытынды конференциясы өтті.

Конференцияны п.ғ.к., доцент Н.Х. Шадиева өткізді.

Студенттер қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда тиімді пайдаланған әдістері, тәлімгер мұғалімдердің кеңестері арқылы тәжірибе жинағандарын айтып, оқушылар, мектеп жайлы ойларымен бөлісті.