Өндірістік практика қорытындысы жөніндегі конференция
Міне, институттың болашақ түлектерінің өндірістік практикасы да аяқталды!
Өндірістік практиканы үлкен конференциямен аяқтау институтта жақсы дәстүрге айналған. Биыл да солай: пікір, идеялар алмасулар болды. Рас, бейнекөрсетілім мен көрнекі презентациясы бар практика есептері ерекше, заманауи форматта өтті.
Төрт күн бойы, 18 сәуірден 24 сәуірге дейін, барлық білім беру бағдарламаларының студенттері өздерінің жаңалықтары, алғашқы кәсіби сәттіліктері және алғашқы аздаған әттегенайларыен бөлісті.
Педагогтер қазақтың ұлы ақыны, ойшыл және композитор Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған сабақтар өткізді. Практиканттар мектептерде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға белсенді қатысты.
Болашақ заңгерлер өздерінің практика базалары ретінде сот, құқық қорғау және басқа құқық қолдану органдарын таңдады. Таңдау дипломдық жұмыстардың ерекшелігіне сәйкес жүргізілді.
Қаржыгерлер банктер мен кәсіпорындардың қаржылық қызметін қарастыруда практикалық дағдыларға ие болды. Ұйымдардың әртүрлі ішкі бағдарламаларын зерттеді. Кәсіпорындарға талдау жүргізді.
Педагог-психологтер білім (балабақша, мектеп, колледж), спорт клубы немесе Ұлттық компания болсын, кез келген салада жұмыс істей аламыз деген салмақты ой түйді. Олар қай жерге де керек, бәрінде олар сұранысқа ие!
Біз 2020 түлектеріміздің МАК-ты сәтті тапсырып, таңдаған мамандықтары бойынша жұмыс істеулеріне тілектеспіз.