«Өндірістік практика және дипломдық жұмысты орындау процесі» тақырыбындағы әдістемелік семинар

2023 жылдың 11 қаңтарында педагогика кафедрасы «Өндірістік практика және дипломдық жұмысты орындау процесі» тақырыбында онлайн-форматта әдістемелік семинар ұйымдастырды. Кафедраның бітіруші курс студенттері семинарға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған өзекті сұрақтарға жауап алды. Ғылыми жетекшілері PhD., доцент А.Т. Аязбаева, PhD., доцент Н.А. Кударова, доцент Н.Ж. Болатбекова, доцент И.А.Тобагабылова, магистр, аға оқытушы А.С. Муликова, магистр, аға оқытушы А. Окай қатысты.