Не? Қайда? Қашан?

2019 жылдың 2 желтоқсанында заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Қанафина Гүлмира Әділбекқызы «Не? Қайда? Қашан?» атты зияткерлік ойын өткізді.

Бұл зияткерлік ойын студенттердің сыбайлас жемқорлық, оның көріністері туралы білімдерін бекіту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы этиканы қалыптастыру, жалпы құқықтық сананың деңгейін көтеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту мақсатында өткізілді.