Неміс тілі оқытушыларына арналған Goethe-Institut (Гете-Институт, Германия) біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы

Философия докторы, шетел тілдері кафедрасының доценті Ж.Т. Оспанова Goethe-Institut (Гете-Институт, Германия) стипендиясына үміткерлер арасында конкурстық іріктеу нәтижесінде «Sprache, Landeskunde und kulturelles Leben» («Тіл, лингвострантану және мәдени өмір») тақырыбы бойынша неміс тілі оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курстары бағдарламасының стипендиаты болды және Германия, Греция, Қытай, Қырғызстан, АҚШ, Молдова Республикасы, Түркия, Ресей оқытушыларымен бірге 2021 жылдың 11 қазанынан 10 желтоқсанына дейін Goethe-Institut Berlin платформасында онлайн режимінде оқып, сертификат алды.