No 30 мектеп-гимназиядағы оқу-таныстыру практикасы

«Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері (ИЯ-24-02 академиялық тобы) Астана қаласының No 30 мектеп- гимназиясында оқу-таныстыру практикасынан өтеді (практика жетекшісі: шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы А.А. Султанова). Студенттер сабаққа қатыса отырып, ағылшын тілі мұғалімінің кәсіби қызметінің негіздерімен танысты.