«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы кураторлық сағат

2024 жылғы 5 наурызда куратор И.А. Тобагабылова 6В01303 –«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттері үшін «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағат барысында «Сыбайлас жемқорлықсыз білім беру» әлеуметтік роликтері қаралды. Студенттер әртүрлі елдерде, соның ішінде Қазақстанда алынған ақпарат, сыбайлас жемқорлық көріністері және олармен күресу тәсілдері туралы пікір алмасты.