«Оңтайлы аударма шешімі шеңберіндегі узус және тіл нормасы» тақырыбындағы вебинар
2023 жылғы 26 қаңтарда ПД-21-01 (2 курс, «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы) тобының студенттері үшін оқу практикасы шеңберінде «Оңтайлы аударма шешімі шеңберіндегі узус және тіл нормасы» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды, оның лекторы жұмыс беруші, «Лексикон-НС» ЖШС директоры А.Ю. Ястребов болды. Студенттер ақпаратты тыңдап, өлеңдердің аудармасы туралы өз пікірлерімен бөлісті, ағылшын тіліндегі сөйлемдерді парафразалауда өз күштерін сынап көрді. Қорытындылай келе, вебинарға қатысушылар синхронды аударма мәселелері және синхронды аудармашылардың алдында тұрған қиындықтар туралы пікірталасқа қатысты.