Оқу практикасы

Гид-аудармашы – абыройлы және қызықты мамандық. Бұл мамандықтың өкілдері ЕАГИ студенттеріне (ПД-16-01, ПД-16-02, ПДК-16-01, ПД-14-01, ПД-14-02, ПДК-14-01) ерекше әсер етті. Олар оқу практикасы аясында «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Тәуелсіздік сарайы» және «Galatranslations» ЖК практика базаларына барды.

Студенттер гид-аудармашының жұмысымен танысты. Гид-аудармашылардың шеберліктері мен кәсіпқойлықтары біздің студенттерімізге келешекте осы мамандықта жұмыс істеуге шабыт берді.