Оқу семинары
2020 жылы 29 ақпанында «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Анастасия Шендрик (ППС-17-01 тобы) 8 сағат көлемінде «Интеграциядан инклюзияға дейін – мұғалімнің жаңа міндеті» атты оқу семинарына қатысты.
Оқыту Мәскеудегі (Ресей) білім департаментінің лицензиясына сәйкес Қазақстан Республикасының ерте жетілу педагогтері мен психологтерінің Халықаралық достастық академиясының өкілі ұйымдастырды.
Айта кетерлігі, Анастасия бірнеше жыл бойы инклюзивті білім беру саласында белсенді түрде жұмыс істейді, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуден тәжірибесі бар, сонымен қатар осы салада өзінің кәсіби шеберлігін дамытып келеді.
Педагогика кафедрасы студентке сәттілік пен келешекте кәсіби өрлеу тілейді!