Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор
Ескалиев Самат Амангельдинович
Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор.
Есқалиев С.А. 1994 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих және мемлекеттік құқық» мамандығы бойынша бітірді. 2000 жылы 07.00.02 – «Отандық тарих» (Қазақстан Республикасының тарихы), 07.00.09 – «Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері» мамандануы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады.
Ғылыми-педагогикалық қызметін Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында бастап, кейін Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ, «Astana IT University», Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында сияқты оқу ордаларында еңбек етті. Қазіргі уақытта А.Құсайнов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор қызметін атқарады.
Есқалиев С.А. Қазақстан тарихы, Тарихнама, Деректану, Ежелгі дүние тарихы, Еуропа және Америка тарихы, Қазақ мәдениетінің тарихы, Орталық Азиядағы Қытай мен Ресей, Өлкетану және басқа да пәндер бойынша дәріс оқиды.
Ғалымның 100-ден астам ғылыми жарияланымдары Қазақстан, Ресей, Қытай, Швеция және Түркиядағы ғылыми басылымдар мен халықаралық конференциялар материалдарында жарық көрген. Ол 2 монографияның, 4 оқу-әдістемелік құралдың авторы және ғылым туындысы ретінде тіркелген 4 авторлық құқық объектісінің иегері.
Қоғамдық, ғылыми және сараптамалық қызметінде бірқатар жобаларға қатысты:
- 2022 жылдан бастап Астана қаласы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу комиссиясының мүшесі;
- «Жалпы білім беретін және орта арнаулы оқу орындарында Қазақстан тарихын оқыту тұжырымдамасы» жобасының үйлестірушісі әрі әзірлеушісі;
- Қазақстан тарихы бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын жетілдіру жөніндегі республикалық жұмыс тобының мүшесі;
- 2023–2026 жылдарға арналған педагогтердің біліктілігін арттыру курстары бағдарламаларына сараптама жүргізу үшін республикалық сараптама кеңесінің мүшесі;
- «Ұлттық құндылықтар академиясы» корреспондент-мүшесі.
Есқалиев С.А. өзінің ғылыми-әдістемелік еңбектері мен педагогикалық қызметі үшін ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен (2006 ж.), «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2010 ж.), сондай-ақ бірқатар жоғары оқу орындарының ректорларының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен марапатталған.
