Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор

Проректор-по-учебной-и-научной-работе

Ахметов Қадыр Әбілжанұлы

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ білім академиясының академигі.

С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Ғылыми-педагогикалық жұмысын 1976 жылы Целиноград инженерлік – құрылыс институтында оқытушы, аға оқытушы, кафедра доценті болудан бастаған.

1991 жылдың қыркүйегінен 1996 жылдың қазанына дейін Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тарих кафедрасында доцент болып жұмыс істеді.

1996 жылдың қазанынан 1999 жылдың қазанына дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті тарих факультетінің деканы болды.

1999-2002 жж. аға ғылыми қызметкер. В 2003-2004 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінде кафедра меңгерушісі.

2004 жылдың наурызынан бастап қазірге дейін А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры.

Оқу үдерісінің барысын, оқу жүктемесін жоспарлау мен орындалуын бақылайды. Институттың ғылыми-зерттеу жұмысына басшылық жасайды, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, ғылыми, әдістемелік конференцияларды және басқа да ғылыми шараларды жоспарлайды және ұйымдастырады.

Мәдениет, интеллигенция және білім тарихы мәселелерін зерттеумен айналысады. 1 монография, 5 оқу-әдістемелік құралы мен 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.

ҚР БҒМ-ның «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдерімен марапатталған, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Ахметов Қ.Ә. Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданының «Құрметті азаматы».