Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 6 ақпаны мен 17 наурызы аралығында э.ғ.к., «Esil» университетінің «Қаржы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Р.К. Берстембаева А.Қ. Құсайынов ат. Еуразия гуманитарлық институтының «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне арналған «Корпоративтік қаржы» пәні бойынша 2 ECTS несие көлемінде сабақтар өткізді.
Дәріс оқу және семинар сабақтарын өткізу барысында оқытудың интерактивті әдістері, мысалы: кейс, міндеттерді шешу, Quiziss платформасында онлайн режимінде экспресс-тестілеуді өткізу және т.б. қолданылды.