Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы аясында ынтымақтастық жалғасуда

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті мен Еуразия гуманитарлық институты арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім шарт негізінде әлеуметтік және жас ерекшелік педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Зулкарнаева Жамиля Амангельдиновна 2020 жылдың 27 қараша күні «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының  3 курс студенттерімен «Отбасы тәрбиесінің педагогикалық-психологиялық негіздері» модулі бойынша онлайн-сабақтар өткізді. Сабақ барысы диалогтық формада құрылып, студенттердің белсенділігі өте жоғары болды.