Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы

«Esil» университетімен ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының доценті Б.Б. Мажитова а.ж. 6 ақпанынан 17 наурызына дейін академиялық ұтқырлық шеңберінде ПОҚ «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері үшін «Ақша, кредит, банктер» пәні бойынша 2 ECTS несиелер көлемінде дәрістер мен семинарлар өткізді.

Сабақтарда оқытудың белсенді формалары мен әдістері қолданылды, ситуациялық міндеттер, кроссвордтар шешілді. Студенттер белсенділік танытып, шақырылған дәріскерге алғыстарын білдірді.