«Қолдау» психологиялық тренингі

2023 жылғы 20 наурызда ЕАГИ психологиялық қызметінің басшысы А.Н. Қабыл, «Сенім» студенттік психологиялық қолдау клубының басшысы А. Маратова және клубтың еріктісі Ж. Мақатай «Қолдау» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты тренингке қатысушыларды командаға біріктіру, қолдау дағдыларын игеру және команда ішіндегі байланысты жақсарту болды. Қатысушылар өткізілген іс-шара туралы оң пікірлер білдірді.