Қонақ дәрісі
2021 жылдың 12 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті Еуразия гуманитарлық институтының студенттік Парламентімен бірлесіп «Құқықтану» Білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттеріне «Сот актілерін орындау тәртібі» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.
Дәріскерлер ретінде әділет департаменті басшысының орынбасары Г.Суюмбаева Жанна Сериковна, Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаменті атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Ләззат Алтайқызы Уталина сөз сөйледі.
Спикерлер дәріс тақырыбы аясындағы негізгі мәселелерге тоқталып, соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құзыретті жауаптар алды.