Онлайн форматта Еуразия гуманитарлық институты студенттерінің қатарына бірінші курс студенттерін салтанатты түрде қабылдау

2021 жылдың 19 қарашасында Еуразия гуманитарлық институтында бірінші курс студенттерін Еуразия гуманитарлық институтының студенттерінің қатарына қабылдау салтанатты рәсіміне арналған бейнеконференция өтті. Рәсімнің басында ЕАГИ студенттерінің әнұраны шырқалды.

Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ә. Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге оқу жолында табыс тілеп, оларды оқуға барынша жауапкершілікпен қарауға, белсенділік пен бастамашылдық танытуға, осылайша біздің институттың жетістіктерін арттыра түсуге шақырды. Сондай-ақ Қадыр Әбілжанұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған пәндік олимпиадалар мен жоғары оқу орындары студенттерінің республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының мен жүлдегерлеріне дипломдар табыс етті.

Салтанатты рәсімге бірінші курс студенттері қатысты: Тілеубекқызы Гүлдәурен, Нүсіпова Карина, Нуркеев Алмаз, Абдукадирова Айдын және Бериков Алиби, олар дәстүрлі түрде сахнадан студенттің антын үш тілде сөйледі. Ал жоғары курс студенттері – студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары: Тынысбек Мадина, Кәрім Ислам, Малютина Марина, Әбдуәлиева Елікай, Шуханов Рүстем бірінші курс студенттеріне жылы лебіздерін білдірді. Институт деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Н. Кемайкина ең жақсы тілектерін білдіріп, жаңадан шыққан бірінші курс студенттеріне студенттік рәміздер – студенттік билет және білімнің кілтін табыс етті. Әрі қарай студенттер Гаудеамустың студенттік әнұранын орындады.

Бірінші курс студенттерін айтулы күнмен тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Я.Н. Оспанова құттықтап, салтанатты шара соңында бірінші курс студенттері үшін шығармашылық музыкалық және аспаптық құттықтаулар айтылды.

ЖОО басшылығы мен барлық оқытушылар атынан 1-курс студенттеріне өздерінің жаңа «студент» атағын лайықты алып жүруді, білім алуға және болашақ мамандыққа қажетті дағдыларды меңгеруге ұмтылуды тілейміз!