ОНЛАЙН-СЕМИНАР

М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының ұйымдастыруымен өткен «Оқу үдерісіндегі кейс технологиясы: электронды контентті қалыптастыру кезеңдері» тақырыбындағы онлайн семинарға Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының атынан ф.ғ.к., доценттер А.Е. Абдрахманова, Н.М. Қоқышева, п.ғ.к., доцент А.Б. Шормақова, п.ғ.м., аға оқытушылар А.Т. Сандыбаева мен А.Е. Алимбаевтар қатысты.