Өзекті тақырыбы бар екінші курс студенттеріне арналған ашық сабақ
2020 жылдың 30 қазанында экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Т.М. Сембаев «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)» пәні бойынша ашық, практикалық сабақ өткізді. Сабақ «Құқықтану» мамандығының екінші курс студенттеріне өткізілді. Оқу жоспарына сәйкес «Интернет-технологиялар» тақырыбы таңдалды.
Сабақтың негізгі мақсаты – желілер мен интернеттің жұмыс процесін түсінуді, сондай-ақ веб-беттерді құру үшін HTML-мен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сабаққа «Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Г.Д. Тәжбенова, доцент А.С. Оспанова, доцент Б.Б. Мажитова, магистр Ж.Д. Дәулетханова қатысты.
Оқытушы жетекші сұрақтар қойып, аудиториямен шебер байланыста болды. Материал түсінікті, қызықты түрде ұсынылды. Студенттер тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, сайттар құруға үлкен қызығушылық танытты және ағылшын тілін меңгеру дағдыларын көрсетті. Кері байланыс алу мақсатында Kahoot сервисінде онлайн-ойын ұйымдастырылды. Соңында практикалық сабақтың қорытындысы шығарылды.