Орта білім беру ұйымдарында «Алаш» тақырыбына арналған апталық өтіп жатыр

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлығына сәйкес түрлі қуғын-сүргінге ұшыраған топтарды оңалту бағыттарын зерделеу үшін өңірлер бойынша арнайы жұмыс топтары құрылды. Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша өңірлік жұмыс тобының мүшесі Еуразия гуманитарлық институтының профессоры С.А. Ескалиев 2022 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласының әкімдігі бекіткен «Алаш» апталығының кестесіне сәйкес № 89 орта мектепте ғылыми-танымдық дәріс өткізді.