«Қош келдің, Наурыз» атты кураторлық сағат
2022 жылдың 15 наурызында ППК-19-01 академиялық тобының студенттері (6В01102 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы) «Қош келдіңіз, Наурыз» атты кураторлық сағат өткізді. Педагогика кафедрасының оқытушылары да шараға белсене қатысты. Студенттер театрландырылған қойылым дайындап, қонақтарды қазақ халқының «Қыз ұзату» ұлттық салт-дәстүрімен таныстырды.